ERG

А.Машкевич: "ERG алдағы 5 жылда қазақстандық жобаларға 7 миллиард доллар құяды"

Кәмшат ҚОПАЕВА

ERG баспасөз қызметі

ERG аладғы бес жылда қазақстандық және шетелдік жобаларға шамамен 11 миллиард долларға жуық қаржы жұмсайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбе облысы Хромтау қаласында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Хромтауда қуаты 155 мегаватқа дейін жететін жел электр станциясының құрылысы басталған болатын. Бұл — ERG-дің алғашқы жел электр станциясы. Осы шараға қатысқан директорлар кеңесінің төрағасы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Александар Машкевич ERG құрамындағы өндірістерді дамыту, жаңа технология енгізу және жаңа жобаларды құру, экологиялық бағдарламаларды одан әрі дамыту секілді мәселелерді кеңінен айтты.

Алдағы бес жылда Қазақстанға шамамен 7, ал шет елдерге шамамен 3-4 миллиард доллар инвестиция салынады,

— деді Александр Машкевич.

ERG баспасөз қызметіERG баспасөз қызметі
ERG баспасөз қызметі

Сондай-ақ, еліміздің денсаулық, білім, спорт, мәдениет және өзге де салаларына бағытталған инвестиция тоқтамай, жалғаса бермек. Оның ішінде білім саласына ерекше назар аударылып жатыр. Көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының білім алуына жағдай жасалуда. Әсіресе ERG кәсіпорындары орналасқан қалаларда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүруде.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің қалаларында ERG-дің қолдауымен түрлі мәдени ошақтар, балабақшалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтар, өзге де ғимараттар бой көтерді.

Бір ғана мысал, былтыр Еуразиялық топтың қолдауымен Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің қасбеті қайта жаңарса, Қостанайдағы халықаралық әуежайды жөндеуге қаражат бөлінді. Павлодар, Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларындағы бірнеше жобаларға қаржы құйды. Осы және өзге де атқарылып жатқан шаруаларға тоқталған кеңес төрағасы, бұл компанияның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Қайырымдылық шараларға бағытталған қаржы көлемі азаймайды. Бұл — біздің тұрғындар алдындағы негізгі міндеттеріміздің бірі. Жобаларға қаржы бөлген кезде оның құнына, сапасына, маңыздылығына назар аударамыз,

— деді кеңес төрағасы.

Ал қаржы бөлініп, жоба ойдағыдай жүзеге асқаннан кейін, оның әрі қарайғы жұмысына компания араласпайды.

Александр Машкевич Еуразиялық топ құрамындағы өнідіріс орындарында жұмыс істейтін еңбек адамдарына жасалып жатқан жағдай туралы да айтып өтті.

"Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болған кездесуде ауыр жұмыс істейтінадамдарды зейнетке ерте шығару жөнінде сұрақ қойды. Әрине біз бұны қолдаймыз. Алайда бұл Үкімет тарапынан шешіледі. Ал өз тарапымыздан барынша еңбек адамдарына жағдай жасауға, жұмысты жеңілдетуге, қауіпсіздікті сақтауға тырысамыз. Біз үшін қауіпсіздік бәрінен маңызды. Ең бастысы — адамның өмірі мен денсауылғы", — деді Александр Машкевич.

ERG баспасөз қызметіERG баспасөз қызметі
ERG баспасөз қызметі

Еруазиялық топ құрамында еңбек ететін азаматарды тегін тамақтандыру, сауықтыру, оларға медициналық қызмет көрсету жолға қойылған.

Сондай-ақ еңбек адамдарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмаған. Компанияда арнайы тұрғын үй бағдарламасы бар. Осы кезеңге дейін мыңдаған адам пәтермен қамтылды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров