ERG

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының механигі өндіріс туралы тәжірибемен бөлісті

Есен ҮРКІМБАЙ

ERG баспасөз қызметі

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының бас механигі Алтынбек Наурызбаев өзінің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К

ERG құрамындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бас механигі Алтынбек Наурызбаев еңбек жолын осыдан 16 жыл бұрын күйдіруші болып бастаған. Осы уақыт аралығында ол балқытушы, алтыншы разрядты слесарь, бірінші санатты инженер, шебер-механик дағдыларын меңгерген. Зауытта 2019 жылдан бері бас механик қызметін атқардып келеді.

Оқи отырыңыздар:

Бас механик бөлімінің ең басты қызметі — жөндеу жұмыстарын талдау, технологиялық жабдықтардың, технологиялық ферроқорытпа жабдықтарының жұмыс істеу сапасын қамтамасыз ету, механикалық бөліктегі зауыттың барлық жабдықтарын бақылау.

"Көптеген жаңғырту жүргіздік. Қожды қайта өңдеу цехында жаңа металл іріктеу кешені салынды. Қожды қайта өңдеу цехының тұндыру кешенін өзгерттік. 43 пешке күрделі жөндеу жасадық. Кенді бөліктегі 531 кептіргіш пешінің айналмалы бөліктері ауыстырылды. Соңғы жеті жылда бірінші цехта 14 пеш күрделі жөндеуден өтті. 20 жылдан артық пайдаланылмаған 72 пешті бөлшектедік. 22 пеш өздігінен жентектелетін графиттелген электродтарға ауыстырылды. Биыл 23 пешті жаңғырту жоспарда тұр, 2023 жылы 42 пешке күрделі жөндеу жасаймыз. Толықтай дайындалып жатырмыз,- дейді Алтынбек Наурызбаев.

ERG баспасөз қызметіERG баспасөз қызметі
ERG баспасөз қызметі

Алтынбек Болатұлы Қобда ауданы Иманғали Білтабанов ауылында туып-өскен.

— Өзім үйдің кенжесі болған соң, мені үнемі үлкендерді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, әйелдерді бағалауға тәрбиеледі. Кішілерге мен де өз білгенімді үйретуге тырысамын. Қызметте болсын, өмірде болсын өзімнен кейінгі буынға көмек беріп келемін,- дейді Алтынбек Болатұлы.

Алтынбек Наурызбаев — бір топ шәкіртті баулыған білікті тәлімгер. Оның қарамағындағы команда қазірдің өзінде үшінші рет ауысқан. Ол жанына келген жас маманды кәсіпке баулудан ешқашан бас тартқан да, жалыққан да емес. Бұрынғы шәкірттері Қазхром бөлімшелерінде басшы қызметінде жүр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров