Шоу-бизнес

Иманбек Зейкенов Salem-нің ең үздік сериалына түспек

Лаура БИҒАЛИ

© SSM

Танымал музыкант Иманбек Зейкенов Salem social media-ның "Завод" атты жаңа веб-сериалына түспек, деп хабарлайды Экспресс К.

Танымал диджей бұл сериалда болашағынан зор үміт күттіретін маманның рөлін сомдайды. Веб-сериалдың түсірілімі 3 тамыз күні басталған болатын. Түсірілім жұмыстары бар-жоғы 22 күнге созылмақ.

© SSM© SSM
© SSM

Актерлік құрамда Иманбектен өзге танымал актерлер мен блогерлер де ойнайды. Олардың арасында Қобланды Болат, Аружан Жазылбекова, Хәкім Мұқарам мен Ілияс Көпжасаров бар.

© SSM© SSM
© SSM

"Завод" атты веб-сериал ауқатты отбасынан шыққан Олжас есімді жігіт жайлы. Ол еркелікпен талай нәрсені бүлдіреді. Кейін ата-анасы оны жөнге салу үшін Павлодар қаласындағы зауытқа қарапайым жұмысшы ретінде орналастырады. Сериалдағы басты рөлдегі Олжасты танымал актер Қобланды Болат сомдайды.

© SSM© SSM
© SSM

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров