Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев: "Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады"

Олжас НҰРЖАҚЫП

Семей ядролық сынақ полигоны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне байланысты өз пікірін жазды. Онда бұл күннің мән-маңызы айрықша екені айтылған, деп хабарлайды Экспресс К

Президент ядролық сынақтарға қарсы күнге байланысты пікірін Тwitter-дегі парақшасында жазды.

Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады,

— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін бүгін Ядролық қарудан бас тарту күні екенін жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров