Бекболат Тілеухан

"Оқып, өртеп жіберген". Бекболат Тілеухан оқыған кітаптар кітапханадан табылмады

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Бейне Кадр

Осы кітаптарды іздеп жүрген азамат кітапханадан құр қол қайтты, деп хабарлайды Эксперсс К.

Әлемдік этоноспорт ұйымының мүшесі Бекболат Тілеухан жақында берген сұхбатында өзінің "Конец власти", "Окно овертона" кітаптарын оқығанын айтып қалған. Тіпті сұхбат кезінде ол осы кітаптарды оқымадым деген журналист Нартай Аралбайұлын жерден алып, жерге салды. Бекболат журналистке өзі оқыған кітаптарды оқымағаны үшін "енді менен қалай сұхбат аласың?" деп кемсіткендей болды. Экс-депутаттың бұл әрекеті көпшілік қош көрмеген еді.

Енді дәл осы екі кітапқа тұрғындар қызығушылық таныта бастаған сияқты. Бір тұрғын кітапханалардан "Конец власти" мен "Окно овертонаны" іздеп барған сәтінің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Алайда кітапханашылар мұндай кітаптардың жоқ екенін айтады.

Желі қолданушылары тұрғынның бұл әрекетін қызу талқыға салды.

"Бекболат ағамыз өзі оқып, өртеп жіберген шығар", "Ол кітаптарды таппасақ, Бекболатпен енді қалай сөйлесе аламыз?", "Ол кітаптар әлемде бір данадан ғана. Оның өзі Бекболатта",

— деп жазды пікір білдірушілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров