Қызылорда облысы

Қызылорда тұрғыны депутаттардың мүлдем ауылға келмейтінін айтты

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Бейне Кадр

Тұрғынның айтуынша соның кесірінен жұрт тіпті аудандық, облыстық мәслихат депутаттарының бірінде танымайды екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Төретам ауылы тұрғынының шағым айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда тұрғындардың Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев пен кездесу жасағаны көрінеді. Залда отырған егде жастағы азаматтың бірі мәжілісменге аудандық және облыстық мәслихат депутаттарының дұрыс жұмыс жасамайтынын айтады.

Аудандық, облыстық депутаттар мүлде жұмыс істемейді. 100 пайыз кепілдік беремін. Көрмейсің біреуін де. Келмейді,

— дейді Төретам ауылының тұрғыны.

Ал мәжілісмен тұрғынның пікіріне таңырқағандай кейіп танытады.

Бұл шағымға байланысты облыс тұрғындарының бірі өз пікірін білдірген. Ол мәслихат депуттатарын айтпағанда, Ғалым Әміреевтің өзі де уәдесін орындамай қойды дейді.

Әміреевіңіз де жұмыс жасамайды, Жалағашқа келіп тұрып елдің бір топ азаматтардың мәселерінді шешіп берем деп алдап соқты. Сенім қайдан болсын өтірікшілерде?

— деп жазды желі қолданушысы.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров