Newscorr

Атырау – Ақтау тас жолында 1 миллион АҚШ долларының тауары жанып кетті

Экспресс К

Бейне Кадр

Еліміздің батысындағы тас жолдардың бірінде ауыр жүк көлігі апатқа ұшырап, алып келе жатқан құнды тауардың түгі қалмай өртеніп кеткен.

Атырау — Ақтау тас жолында орын алған көлік апаты жайлы бейнежазбаны Экспресс К редакциясына Newscorr қолданушысы жіберді.

Автордың айтуына қарағанда жанып кеткен тауардың құны 250—300 миллион теңгені құрайды. Оған өртенген жүк көлігінің нарықтағы бағасын қоса есептегенде жалпы шығын 1 миллион АҚШ долларына жуықтайды деген сөз.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров