Newscorr

Абай облысының тұрғындары үш күн батпақта жатқан құлынды өлімнен құтқарып қалды

Экспресс К

Бейне Кадр

Далада мал қарап жүрген Абай облысының тұрғындары батпақты шұқырлардың біріне түсіп кеткен құлынды аман-есен енесіне табыстады, деп хабарлайды Экспресс К.

Үш тәулік бойы батпаққа малтығып, аш өзегіне түскен құлын жайлы бейнежазбаны редакциямызға Newscorr қызметінің қолданушысы жолдады.

Автор шұқырдан шығарып алған жануардың қатқыл жерде бірден жүріп кете алмай бірнеше мәрте сүрініп құлағанын айтады. Үш күн шұқырды айналып, төлін қорып жүрген енесінің кісінеген дауысын естігенде ғана құлыншақтың бойы тіктеліп, жүрісі түзелген.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров