Қой

Қойларға арналған елде жоқ "еуро қора" жұртты таңғалдырды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Бейне Кадр

Қораның ішкі қабырғасына бағасы қымбат түсқағаз жабыстырылыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қой иесінің "еуроқораны" таныстырған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Оның ішінде 5-6 бас қойдың тұрғаны көрінеді. Қораны сәндеу үшін тіпті төбесіне екі жерден люстра іліпті. Сондай-ақ ондағы жем-шөп салатын, малдың суын құятын астаулары да мұнтаздай тап-таза. Ал кіре-беріс есікке темекі шегуге болмайтынын жазып қойған. Тіпті қораға пластикалық терезе де орнатылған екен.

Міне, есік. Есік те пластикалық. Темекі шегуге болмайды. Айыппұл 5 мың теңге. Сыртқа барып, арнайы орында шегу керек,

— деп қалжыңдайды қораны таныстырған жігіт.

Желі қолданушылары қойларға құрметі зор азаматтың әрекетіне таңғалды.

"Енді диван мен теледидар керек екен", "Әжетхана орнатпапты", "Ертең қойларың мынадай қорада биттеп өлмесін",

— деп әзілдеді пікір білдірушілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров