Спорт

Қазақстанның үздік хоккейшісі анықталды

Экспресс К

©shaiba.kz

Қазақстанның спорт журналистері федерациясы сауалнама жүргізіп, елдің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін мұндай сауалнаманы белгілі спорт журналисі, хоккей бойынша білікті маман Максим Карташев ұйымдастырып тұратын. Өкінішке қарай, былтыр Максим 50 жасқа толмай дүниеден өтті. Енді оның ісін жалғастыруды Қазақстан спорт журналистері федерациясының басшысы Ілияс Омаров қолына алды.

Дауыс беруге Қазақстанның белгілі 32 тілшісі қатысты. Арасында Экспресс К тілшісі, әріптесіміз Бек Төлеуов те бар.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша "Барыс" хоккей клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис жеңімпаз атанды. Екінші орынға Валерий Орехов жайғасса, үздік үштікті тәжірбиелі Роман Старченко қорытындылады.

"Барыстың" жаңа капитаны Михайлис 62 ұпай жинады. Ал ұлттық құраманың қорғаушысы, маусымаралық үзілісте Магнитогорскінің "Металлург" клубына ауысқан Ореховтің еншісінде 32 ұпай бар. "Барыс" сапында 14 маусым ойнап, биыл Мәскеудің "Спартагына" ауысқан Старченконың еншісінде 19 ұпай жазылды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров