Шоу-бизнес

"Оттай бер, сорлы!" Мақпал Жүнісова тыңдарманын балағаттап тастады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Мақпал Жүнісова

Мақпал Жүнісова желіні тағы да шулатып жатыр. Халық әртісі бұл жолы өзінің оқырманымен жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Экспресс К 

Әлеуметтік желіде екі миллионнан астам аудиториясы бар Мақпал Жүнісова өміріндегі әр сәтін Instagram-ға салып, көпшілікпен бөлісіп отырады. Күні кеше бейтаныс әйелмен түскен суретін жеке парақшасына жүктегені сол еді, оқырманның бірі Халық әртісіне тіл тигізген.

instagram.com/zhunusova.makpalinstagram.com/zhunusova.makpal
instagram.com/zhunusova.makpal

Мақпал деген сайын осы қатын да көрінгенмен жабысып... Зейнеп апа "албасты" деп дұрыс айтады

— деп жазды оқырманы.

instagraminstagram
instagram

Бұл жағымсыз жазбаны Мақпал Жүнісова да жауапсыз қалдырмады. Танымал әнші өзіне жөнсіз тиіскен оқырманын бірден балағаттап тастаған.

Кім болсаңыз да оттай беріңіз. Кім көрінгенмен түспеймін. Ауызыңа ие бол, сорлы,

— деп жазды Мақпал Жүнісова.

instagraminstagram
instagram

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров