Қостанай облысы

Қостанайдағы өрт: Ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Экспресс К

ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аманқарағай және Новонежинка елді мекендерін қорғауға бағытталған күштер мен құралдарды қайта топтастырылды. Озерное ауылынан 250 және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен 1 000, Калинино ауылынан 228, Лесное ауылынан 363 адам эвакуацияланды,

— делінген хабарламада.

Озерное ауылында 3 тұрғын үйде өрт шықты. Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру автомобилі, 8 су тасу машинасы жұмылдырылды.

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша ТЖМ су ағызу құрылғылары бар 2 тікұшақ өртті сөндіру үшін әуеге 12 рет көтеріліп, 20 тонна су шашты. Тікұшақтар суды өрт орнынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алып жатыр,

— деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Сағат 17:20-да Аманқарағай ауылындағы мұнай базасына қауіп төнді, оқиға орнында 3 өрт сөндіру автоцистернасы (ТЖМ — 2, Мұнай базасының объектілік қызметі — 1) жұмыс істеп жатыр.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Қостанай облысында температура +38 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін сақталады. 3 қыркүйекте метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне, оның ішінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуіне байланысты өрт аумағы 3 000 гектардан асты.

Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров