Қостанай облысы

Қостанай облысындағы өрт: адам шығыны бар

Есен ҮРКІМБАЙ

Бейне Кадр

Қостанай облысындағы өрттен 86 жастағы азамат қаза тапты, хабарлайды Экспресс К

Бұл туралы Әулиекөл ауданындағы өртке қатысты өткен брифингте Төтенше жағдайлар министі Юрий Ильин айтты. Аманқарағай ауылында құлаған ғимараттарды тазалау кезінде бір адамның мәйіті табылған.

"Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерін тазалау кезінде адам өлімі болғаны туралы дерек тіркелді. оның 1936 жылы туған мүгедек екені белгілі болып отыр. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде марқұм болған адамның эвакуациялық шаралардан бас тартқаны анықталды. Адам өлімі дерегі бойынша тергеу шаралары жүргізіледі", — Юрий Ильин.

Министр Юрий Ильин Әулиекөл ауданында өртенген аумақтың 43 мың гектардан асқанын атады. Қазір өртті сөндіруге қосымша күштерді жұмылдыру қолға алынған.

Бұған дейін Қостанай облысындағы өрттен 10 адамды күйік шалғаны туралы айтылған. Олардың арасында кәмелет жасына толмаған 1 бала бар.

Экспресс К Қостанай облысындағы өрт туралы бірнеше материал жариялады. Өрт елді мекендерге дейін жетіп, жүздеп астам нысанды тілсіз жау жалмады. Соның салдарынан ауылдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары жүргізілді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров