Қостанай облысы

Қостанай облысындағы өртке қатысты тергеу жұмыстары басталды

Есен ҮРКІМБАЙ

Бейне Кадр

Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты бас прокуратура тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Экспресс К

Төтенше жағдай қызметкерлері облыстың Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-ші тармағы, 341-бабының 1-бөлігі, 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды", — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған қылмыстық іс Бас прокуратураның және Қостанай облысы прокуратурасының арнайы мамандарынан құрылған жедел тергеу топтарына тапсырылған. Сонымен қоса тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында болады.

Экспресс К Аманқарағай ауылы, Озерное, Калинино және Лесное елді мекендерінде108 тұрғын үй мен ғимарат зардап шеккені туралы жазды. Сонымен қатар Аманқарағай ауылының 1936 жылы туған тұрғыны өрттен қаза тапты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров