Қостанай облысы

ІІМ Қостанай облысындағы өртке кінәлілерге қандай жаза қолданылатынын айтты

Есен ҮРКІМБАЙ

Ермек Шүлден/Бейне Кадр

Ішкі істер министрлігі орман өртіне қатысы бар азаматтарға қандай жаза қолданылатынын атады, деп хабарлайды Экспресс К

Қостанай облысында бірнеше күннен бері жанып жатқан орман өртіне қатысты Ішкі істер министрлігі қандай заң бойынша жаза қолданылатынын мәлімдеді.

"Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ормандарды жою немесе зақымдау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе қалдықтар мен қоқыстармен ластау арқылы және өзге де тәсілдермен қасақана жою немесе зақымдағандардың Қылмыстық кодекстің 341 бабымен жазаланады. Аталған жайт ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", — деді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлден.

Бұған дейін еліміздің Бас прокуратурасы Қостанай облысындағы өртке қатысты тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, аталған іс бас прокурордың жеке бақылауында екенін хабарлады.

Экспресс К Қостанай облысында орман өрті туралы бірнеше материал жариялады. Өрттің салдарынан 10 адамды күйік шалып, 86 жастағы қария қайтыс болды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров