Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Экспресс К

instagram.com/janibek_alimkhanuly

BoxingScene басылымының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы 12 қарашада Лас-Вегаста британдық Дензел Бентлиге қарсы WBO чемпиондық атағын қорғайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлімханұлы мен Бентли арасындағы жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясының шоуының басты оқиғасы болмақ. Ал оны АҚШ-тың ESPN телеарнасы көрсетеді.

27 жастағы Бентлидің рекорды 17 жеңіс — 1 жеңіліс — 1 тең ойын. Ол WBO рейтингінде 14-ші орынға ие және бүкіл мансабында аймақтық британдық титулдарға ие болды. Оның жалғыз жеңілісі отандасы Феликс Кэштен 2021 жылдың сәуірінде үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңда Альваресті құлата алатынын айтқан еді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атанғанын жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров