Шекара

ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді

Экспресс К

© ЭК

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан, деп хабарлайды Экспресс К Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда. Ахуал ерекше бақылауда,

— делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады,

— деп хабарлады ҰҚК.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров