Маңғыстау

Маңғыстау облысында кеден бекеті басшыларының бірі қамауға алынды

Есен ҮРКІМБАЙ

©/РСК

"Ақтау теңіз порты" кеден бекеті бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті аталған кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты декларанттардың кедендік өкілдерінен пара алу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу кезінде "Ақтау теңіз порты" кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталып, оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров та түсініктеме берді.

"Қазір тергеу органы істі дұрыс шешу мақсатында қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр,

— дейді Әсет Бекқайыров.

Бұған дейін Маңғыстау облысында спорт басқармасының басшысы да күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров