Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалдының сыбайласына іздеу жарияланды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

©t.me/antikornews

Жемқорлық ісіне байланысты тергеліп жатқан Қайрат Сатыбалдыұлының қылмысқа қатысы бар аса сенімді адамы анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Осы тергеу амалдары барысында оның аса сенімді адамы бар екені мәлім болды.

"Ол — 1983 жылы туған Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль. Аталған тұлға бірқатар коммерциялық кәсіпорынның құрылтайшысы және директоры. Эфенди кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыруға (жылыстату) ықпал жасаған. Ол үшін оған Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген", — делінеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Эфендидің бір ғана 2018 жылдың шілде-тамыз айларында, 3 күн ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд 62 млн теңге ақша алғаны айқындалған.

"Осы жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр. Оның заңға қарсы әрекеттері ҚР ҚК 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша сараланып, іздеу жарияланды", — дейді ведомство өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалды сот отырыснда жазасын жеңілдетуді сұраған еді. Кейін ол кінәсін мойындап, жазасын өтеуге келіскен болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров