Шоу-бизнес

Қайрат Әділгерейдің әйелі күйеуінен күдіктене бастады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/bakyt_turman

Соңғы уақытта еркектердің құйрығын сипап, жігіттердің алдында бөксесін бұлғаңдатқан Қайрат Әділгерейдің ерсі қылықтары әйелі Бақыт Тұрманға да жақпай жүрген сияқты. Ол атышулы күйеуін енді ер адамдардан қызғанып, күдіктене бастаған, деп хабарлайды Экспресс К

Ғаламторда тараған бейнежазбаға көз жүгіртсек, Қайрат Әділгерей таяуда сән әлемін суреттейтін телесериалға Нұрлан Әлімходжаев есімді визажистпен бірге түскен. Ол шоу-бизнесте Нучи атымен танымал. Әлгі жігіттің сыртқы болмысын көрген Қайраттың әйелі өз күйеуін өзге еркектерден қызғана бастаған. Өйткені Нучидің актер Әділгерейге қиыла қараған видеосы күдік тудырғанын ашық айтты.

Маған бір құрбым: "Нучидің storis-ін қарасам, Нучи Қайратқа жаман қарады ғой" деп жазып жіберіпті. Сосын Нучидің storis-ін өзім қарасам, шынымен саған жаман қарапты, құрысын. Қазір әйелден емес, еркектен қорқатын заман болды,

деді Қайрат Әділгерейдің әйелі.

Қайрат келіншегінен мұндай сөзді күтпесе керек, сол сәтте бірден сасқалақтап, ыңғайсызданып қалады.

Қазір заман сондайға дейін жеткен. Сұмдық,

— деді актердің өзі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров