Шоу-бизнес

Аша Матай атышулы "Қалаулымның" қазіргі жүргізушісін ұзатпақ

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/asha_matai / instagram.com/diana_skatova_men

Соңғы уақытта Аша Матай әншілігін қайта қолға алып, қыз ұзатудың қамына кіріскен. Енді ол бұрынғы "Қалаулым", қазіргі Qoslike бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатованы құтты орнына қондырмақ, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазнетте қызу талқылаған бейнежазбаға зер салсақ, Аша Матай мен Диана Скатова бір тойда кездесіп қалған. Олар ұзақ уақыт бетпе-бет жүздеспеген көрінеді. Бүгінде оңтүстіктің жігітімен көңіл жарастырып жүрген Диана таяуда тұрмысқа шығуы мүмкін. Өйткені ол Ашаға бірден қолқа салып, өзін ұзатуын өтінді. Желіде осы әңгіменің видеосы тарады.

Ашамен көріспегелі қанша болды. Міне, жағдайы жақсы, әдеттегідей құлпырып, жайнап жүр. Қыз ұзатады. Мені ұзатасың ба?

— деді Диана Скатова.

instagram.com/diana_skatova_men

Аша әріптесінің тосын сауалын жауапсыз қалдырмады. Алдағы уақытта Диана тұрмысқа шықса, өзі ұзататынын айтты.

instagram.com/asha_matai

Әрине, бұйырса ұзатамын,

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Аша Матайдың жеңгесінің ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров