Шоу-бизнес

"Сасып отырсыз". Гүлзира Айдарбекова желідегі оқырманымен ұрсысып қалды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың анасы тағы да даудың қақ ортасында. Ол бұл жолы өзінің оқырманымен әлеуметтік желіде жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасына жүктеген видеосы жұртты ашуландырған. Ол Instagram-дағы 3 миллионға жуық оқырманына үйіндегі жиһаздарын көрсетіп, жатын бөлмесіндегі төсегінің сапасымен мақтанады. Продюсердің бұл әрекеті көпшілікке ұнай қоймаған. Оны бала кезден танитын жерлесі болса керек, біреу төмендегідей пікір қалдырыпты.

Ой, тышты-ау от души. Түркістанда қандай болып тұрды екен, ұмытты-ау,

— деп жазды оқырмандарының бірі.

instagram.com

Желі қолданушысының бұл сөзі Гүлзира Айдарбекованың қатты намысына тиді. Ол балалық шағының қалай өткенін, қандай үйде тұрғанына дейін елге айтып берді.

Гүлзира Айдарбекованың қандай отбасында өскені белгілі болды / instagram.com/gulziraaidarbekova

"Нашар тұрыпты деп естіп пе едіңіз? Аллаға шүкір, мынау кімнің үйі дегенде көз тоймайтындай үйде өстім. Бау-бақшамыз да 50 сотық, оның ішінде бүкіл жеміс гүлдей құлпырып, ауылдастарым жұмақ дейтін. Сіз шығар тышпақ түгіл сасып отырсыз ғой, "бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" болып. Жоқ, мен жүрген жерлермен жүріп пе едіңіз? Жасаған еңбегімнің де, тұрған үйлерімнің де сіздікінен әлдеқайда ерекше көркем болмаса кем болдым деп ойламаймын. Оған мені білетіндер куә, ал сыртымнан бал ашып сасытып отырған сенің пейілің ғана қара ниетті болар. Маған сөйлемес бұрын біліміңді түзеші, қарағым. Еркек емес қатынша сайрағанша. Еркектердің керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленгені тәрбиесіздігі болар", — деп ашуланды Гүлзира Айдарбекова.

instagram.com

Алғашқыда қазіргі үйімен, одан кейін балалық шағы өткен шаңырағымен мақтанған продюсердің қылығы бәрібір халыққа жақпады. Оқырмандары Қайрат Нұртастың анасын сынап тастады.

"Ондай төсек алып мақтана бергенше, жетім-жесірлерге көмек бермейсің бе?", "Не істерін білмей жүрген қатын ғой", "Әй, мақтаншақтар-ай. Унитазда қалай отырасыңдар, соны да көрсетсеңдерші",

instagram.com

Гүлзира Айдарбекованың дәл осылай ел алдында талқыға түсуі бірінші рет емес. Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекованың тойда фонограммамен ән салып, ұятқа қалғаны туралы жазды. Сондай-ақ қыз ұзатқан атышулы продюсердің дауысы жұртты шошытқаны жайлы да материал жариялады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров