Шоу-бизнес

Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен арадағы баспана дауына нүкте қойды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/s_zholbarys_official / instagram.com/bakhyt_shadayeva

Әнші Бақыт Шадаева осыдан бірнеше ай бұрын кезінде үйін Сейфуллин Жолбарыс тартып алғанын айтқан еді. Өзіне кінә таққан әріптесіне сазгер жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Сейфуллин мен Шадаева осыдан бірнеше жыл бұрын қызу шығармашылық байланыста болған. Композитор ән жазады, Шадаева оны орындайды. Кейін Жолбарыс әріптесінен пәтерін сатып алып, ақшасын бермей қойған көрінеді. Бұл — Бақыттың нұсқасы. Ал Сейфуллин даулы баспананы еңбекақысына алғанын айтқан еді. Содан бері қос тарап бұл мәселенің шешімін таппай келеді. Десек те, композитор күні кеше Шадаевмен арадағы дауға нүкте қойды.

"Иә, ол әңгіме бар. "Менің үйімді тартып алды" деген әңгіме айтылды. Мен енді былай айтқым келеді. Егер мен шынымен біреудің үйін тартып алсам, сотқа, прокуратураға, полицияға барсын. Содан кейін халыққа соны дәлелдеп, "міне, Сейфуллин Жолбарыс үйімді тартып алды" десін. Құр сөзбен айтқан ол қандай факт? Мен хайп деп ойлаймын. Мен ондай нәрсені мүлде білмеймін. Керек болса, мен одан үй де алған жоқпын. Оның альбомдарының ақшасын да алған жоқпын. Сондықтан менің күлкім келеді. Шынымен 90-шы жылдар емес қой, бандиттер келіп үйіңді тартып алып кететін. Баяғыда сондай болған екен. Егер мен үйін тартып алсам, сотқа берсін", — деді сазгер.

Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен арадағы баспана дауына нүкте қойды / instagram.com/s_zholbarys_official

Сейфуллин бұл сұхбатында өзін айыптаған Шадаеваның әрекетін ел назарын аудару үшін, яғни хайп үшін жасады деп отыр.

"Атағын шығайын деп отырған шығар. Енді өшіп бара жатқан әншілер сөйтеді ғой. Мысалы, неге "Димаштың дауысы қойылмаған" деп айта салды. Сейфуллинді қоя салыңыздар. Мәселе сонда емес пе?.. Ол хайпқа ілініп жатыр. Егер қағаз жүзінде тартып алсам, әкеп көрсетсін. Мұндай жағдайда тек қағаз сөйлейді", — деді Сейфуллин Жолбарыс "1001 түн" бағдарламасында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров