Балалар

Егіздер өліміне "кәмпит" себеп пе? Полиция жауап берді

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Рудныйда жұмбақ жағдайда көз жұмған ағайынды жеткіншектердің құрамында есірткі бар "кәмпит" жеп қойғаны туралы сыбыс тараған. Облыс полицейлері деректі дереу тексеріп, өтірік-шынын анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайғылы оқиғадан соң "марқұм болған балалардың анасы айтты" деген дыбыстық жазба WhatsApp мессенджерін шарлап кетті.

Ол дүкенге балаларымен барады. Үйіне келгенде егіздердің қолынан кәмпитті көреді. Қайдан алғандарын сұрағанда олар әлдебір ер кісінің бергенін айтқан. Олар ұйқы алдында естері ауысқандай күле бастаған,

— делінеді жазбада.

Мұнда дәрігерлердің "есірткіден уланған" деген диагноз қойғаны да айтылған. Сондай-ақ, дыбыстық жазба авторы келесі күні егіздерді ауруханадан үйіне қайтарып жіберген медицицна қызметкерлерін айыптайды.

Синтетикалық есірткі жасайтындар бар ғой. Солар балаларға берген болып тұр. Осы хабарды таратыңдар. Балаларыңыз бейтаныс біреуден ештеңе алмасын,

— деп түйіндеген әйел дауыстық жазбасын.

Ал облыстық ПД баспасөз қызметі осы дыбыстық жазбаға байланысты тергеу аяқталғанын, ақпараттың расталмағанын айтты.

Рудныйдағы балалардың есірткілік заттан улануы мүмкін екені айтылған хабарлама жалған болып шықты. Фейк ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын ескертеміз,

— деді баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров