Ұрып-соғу

Қызын жұрттың көзінше аяусыз ұрып-соққан ана жазаланады

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Видеодан кадр

Астанада 10 жасар қызын жұлқылап ұрып, басын көлікке соққан әйел жазасын алатын болды, деп хабарлайды Экспресс К

Жаға ұстатарлық видеоны Gulbanu Abenova Facebook-тегі парақшасында жариялаған болатын. Онда "Мама, мен жұмыс істеймін" деп жанұшыра жылаған бүлдіршінді анасының желкесінен сүйреп әкеліп, көлікке мінгізгенін, кейін қайтадан алып шығып, қыздың басын маңайдағы басқа көлікке соққанын көруге болады.

Қалалық ПД ақпаратына сүйенсек, 52 жастағы әйел қызын жаттығу үстінен алып кеткісі келген, ал бала үйге барудан бас тартыпты.

"Бұл іс Алматы аудандық ПБ-де ӘҚбК 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша тіркелді. Осы бап бойынша ол 10-15 АЕК көлемінде айыппұл арқалауы немесе 5 тәулікке қамалуы мүмкін,

— делінеді департамент хабарламасында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров