Іздеу

Шұғыл: Ұлытау облысында төрт балықшы жоғалып кетті

Экспресс К

Балық аулауға келіп, сол күйі үлеріне оралмаған адамдардың туыстары бүгін құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәтбаев қаласында төрт балықшы 13 қазан күні үйлерінен көлікпен шығып кеткен. Олар Ұлытау ауданындағы Дулығалы өзенін бетке алыпты.

Жезқазғаннан қашықтығы шамамен 190 шақырым болатын өзенге облыстық ТЖД қызметкерлері мен арнайы техникалар жіберілген. Қазір іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров