Жат ағым

Маңғыстауда жат ағымды насихаттаушы әйел ұсталды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Күдікті "ВКонтакте" желісінде деструктивті діни ағымды үгіттейтін аудио-дәріс жүргізіп келген, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл деректі облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде жат ағым жетегінде жүрген 31 жастағы әйел қолға түскен.

Тыйым салынған діни бағытты насихаттағаны үшін жергілікті тұрғын ӘҚбК 453-бабы (БАҚ өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi ҚР аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша жауапкершілікке тартылды,

— деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Заң аясында тиісті шаралар қабылдау үшін хаттама әкімшілік сотқа жолданған. Сот шешімімен тұрғынға 14 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Егер бұл әрекет қайталанар болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров