Кісі өлімі

Павлодарда кісі өлтірді деген күдікті ұсталды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Ол бүгін мәйіті табылған қала тұрғынының өліміне кінәлі болуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық ПД мәліметінше, 15 қазанда сағат 11:42-де Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласынан 40 жастағы ер адамның денесі табылған. Марқұмның ішіне оқ тигені анықталыпты.

67 жастағы күдікті ұсталды. Ол оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шаралары барысында Павлодар-Омбы тас жолында ұсталды. Кінәсін мойындады. ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,

— деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Күдікті Павлодардағы тергеу изоляторына қамауға алынды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров