Сиқыр

Атырауда адамдарды дуалаған жантүршігерлік оқиғаға әшкере болды

Экспресс К

instagram.com/sergek_atyrau_06

Атырау облысында тұрғындар зираттағы қабірлерден қағазға жазылған есімдерді қазып алды, деп хабарлайды Экспресс К

Желіде кең таралған бейнежазбада қара магиямен айналысатын әлдекім белгілі бір адамдардың есімін қағазға жазып, оларды зиратқа апарып көмгені туралы айтылады. Қағаз бен өзге тұрмыстық бұйымдарды қазып алған адамдар бұлардың дуалаумен айналысатын адамның әрекеті екенін мәлімдеп отыр.

Бейнежазбада арқанды қиып, оны үйдің іргесіне көміп тастаған жағдай да байқалады. Бейнежазба қашан түсірілгені белгісіз. Ал оны жерден қазып алған адамдар ниеті қара адамдардың магия жасаушыға апарып жасатқаны ісі деп топшылайды.

Әлеуметтік желіде бұған қатысты көптеген бейнежазбалар пайда болды. Жантүршігерлік жағдайды адамдар қалай байқағаны белгісіз. Тек олар жерден қазып алған қағаздарда адамдардың есімі жүзден астам рет қайталанып жазылған.

instagram.com/sergek_atyrau_06instagram.com/sergek_atyrau_06
instagram.com/sergek_atyrau_06

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров