Борис Джонсон

Ұлыбритания премьерлігіне үміткерлер есімі белгілі бола бастады

Есен ҮРКІМБАЙ

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трастың отставка кетуінен кейін босаған орынға үміткерлер белгілі бола бастады, деп хабарлайды Экспресс К

ВВС-дің жазуынша, үміткер ретінде қоғамдық Палата көшбасшысы Пенни Пордонт қана ресми түрде өзін хабарлаған. Ал экс-премьер Борис Джонсон мен қаржы министрі Риши Сунак әзірге тіс жарып ештеңе айтпады. Алайда бұл екеуі жүзден астам депутат қолдап отыр.

Сенбі күні түстен кейін Сунакты қолдау туралы 112 депутат мәлімдеген. Қазір Консервативті партияның Парламенттің төменгі палатасында барлығы 357 мандаты бар. Алайда олар үш кандидаттан артық ұсына алмайды.

Сенбі күні экс-премьер Борис Джонсон Доминикан Республикасынан ұшып келді. Латын Америкасында отбасымен демалған саясаткер елге оралғаннан кейін бірден мәлімдеме жасамаған.

Риши Сунак журналистерге әлі ештеңе айтқан жоқ. Алайда, ВВС дереккөздерінің хабарлауынша, ол жақын арада көшбасшылыққа үміткер болатынын жариялайды.

Ұлыбритания премьер-министрі болған Лиз Трасс осы аптада саясаттағы алғашқы қадамының сәтсіздігіне байланысты отставкаға кетті. Ал жаңа премьерді сайлауды 28 қазанда сайлау көзделіп отыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров