Тарихи фильм

Елімізде "Қорқыт ата" тарихи сериалының түсірілімі басталды

Экспресс К

Аты аңызға айналған тұлға жайлы телесериалды Қазақстан және Өзбекстанның киномамандары бірлесіп түсіріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Түсірілімнің басталғаны жайлы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Бүгін түсірілім алаңына министр Дархан Қыдырәлі барып, жұмыспен танысты. Тарихи туындыны "Қазақстан" телерадио кешені мен "Өзбекстан кинематография агенттігі" бірлесіп түсіріп жатыр,

— делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, телесериал 4 бөлімнен тұрады. Министр сериалдағы көріністер кезінде Алтай өлкесіндегі түркі академиясының зерттеушілері тапқан V-VІ ғасырлардағы қобызды көрсетуді ұсынды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров