COVID-19

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 17 адам

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 24-қазандағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 жағдай тіркелді.

25 қазандағы мәлімет бойынша, 910 адам коронавирус инфекциясынан (–749+ және 161 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 97 пациент стационарда, 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

2 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2022 жылғы 25.10 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 841 936 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 602 870 адам. Ревакцинацияланды — 5 599 079

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров