Қоғам

Танымал тележүргізуші: "Қазақ тілі – мәмбеттердің тілі"

Серікқазы АЯЗБАЕВ

©instagram.com/iris_ten10/

Дәл қазіргі таңда танымал тележүргізуші әрі журналист Ирина Теннің әлеуметтік желідегі пікірі жұрттың қызу талқысында. Ол өзінің кезекті постында "қазақ тілі – мәмбеттердің тілі" екенін айтып, ауқымды жазба жариялаған, деп хабарлайды Экспресс К. 

Ирина Тен — Қызылорда облысы Арал өңірінде туған кәріс қызы. Ол Qazaqstan Ұлттық арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы қалың көпшілікке жақсы таныс. Танымал тележүргізуші жеке парақшасында оқырмандарына "мәмбет" сөзінің мағынасын түсіндіріп, жастарға санада қалыптасқан жалаң ойдан арылу керектігін ашық айтқан.

"Қазақ тілі — мәмбеттердің тілі. Ол рас. "мәмбет" сөзінің мағынасын түсіне білгенге. Қазіргі жастардың санасына "мәмбет" деген сөз бір қараңғылықтың, надандықтың баламасы болып қабылданатыны жасырын емес. Ауылдан келген болса, кез келген біреу сәл мәдениетсіздік танытса, орысшаға тілі сәл шорқақ болып жатса, тіпті жол ережесін бұзса бейтаныс біреуді осылай атай салатындар бар енді", — деді Ирина Тен.

Тележүргізуші қазіргі жас буынға "мәмбет" сөзінің мәнін діни тұрғыда да түсіндіріп, мағынасын толықтай тарқатып берген.

Мәмбет — Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың құрметіне қойылған есім. Сөз түбірі арабтың "хәмд" мақтау сөзімен төркіндес. "Мұхәммәд", "әхмәд" сөздері мақтаулы, мадақтаулы деген мағынаны білдіреді,

— деп жазды тележүргізуші.

Сондай-ақ Ирина Тен бұл жазбасында тарихқа көз жүгіртіп, Мәмбет есімді тұлғалардың да мықтылығын мысалға келтірген.

"Ал тарихта үш жүздің басын қосып, ел бастаған Абылай ханның сенімді серігі болған Мәмбет батыр Күнбасұлының, Сыр еліне аты белгілі Мәмбет әулие Олжабайұлының есімдері кездеседі. Оны бірі естісе, екіншілері мұндай адамдардың болғанынан да бейхабар. Сондықтан кім де кім дейді, екінші біреуді кемсіту, төмендету мақсатында "мәмбет" деп атаса дейді, өзінің білімсіздігін әлемге паш еткені дейді. Әлем демей-ақ қойсақ та, өзіне және "қарсыласына" кімнің шынымен қараңғы екенін түсінуін жеңілдетеді. Сонымен, қазақ тілі — мәмбеттердің тілі", деп жазбасын түйіндеді журналист.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров