Шоу-бизнес

"Алтынбек братан!" Қоразбаевты құрдасындай көрген жас әнші елдің ашуына тиді

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/altynbek.korazbaev / instagram.com/gulmira_izbaskhanova01

Соңғы кездері эстрада өкілдері ел алдында ерсі қылығымен жиі көзге түсіп жүр. Бұл жолы Алтынбек Қоразбаевтың атын атап, аты дардай әнші-композиторды құрдасындай көрген жас өнерпаз көпшіліктің ызасын тудырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазнеттегі халықтың қытығына тиген бейнежазбаға көз жүгіртсек, көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған Гүлмира Ізбасханова бір тойға барған. Ол дүйім жұрттың алдында екі жастың осы қуанышына Қоразбаевтың жібергенін айтып, "Алтынбек братанның атынан келдім" деп жар салады.

Алтынбек Қоразбаев братанның атынан келіп отырмын. Жастар, бақытты болыңыздар. Жіберші, маэстро. Жақсылап тұрып билейік, иә?

— дейді әнші.

Жасы 75-ке тақаған Халық артисін дәл осылай атаған Гүлмира Ізбасхановаға желі қолданушылары қатты ызыланған. Олар атасымен жасты Алтынбек Қоразбаевтың есімін ел алдында мазақ қылғанын айтып, әлгі әншінің бұл әрекетін ерсі қылыққа балап отыр.

Алтынбек Қоразбаевты құрдасындай көрген жас әнші елдің ашуына тиді / instagram.com/gulmira_izbaskhanova01Алтынбек Қоразбаевты құрдасындай көрген жас әнші елдің ашуына тиді / instagram.com/gulmira_izbaskhanova01
Алтынбек Қоразбаевты құрдасындай көрген жас әнші елдің ашуына тиді / instagram.com/gulmira_izbaskhanova01

"Алтынбек Қоразбаев құрдасың ба еді? Көпшіліктің ортасында осылай айтуға қалай тілің барды, ұятсыз?", "Тым тәлпіш. Еркекшора болып кетті. Қалай сөйлейді өзі?", "Есерсоқтау ма өзі біртүрлі ғой", "Я еркек емес, я ұрғашы емес. Екі ортада не істеп жүр",

instagram.com/gulmira_izbaskhanova01instagram.com/gulmira_izbaskhanova01
instagram.com/gulmira_izbaskhanova01

Айта кетейік, отандық шоу-бизнес жұлдыздары арасында мұндай олқылықтар өте көп. Мәселен, Экспресс К бұған дейін сахнада халықты боқтаған атышулы рэпер туралы жазса, концертке ішіп шығып, қазақтың туын қорлаған өнерпаздарды Нұрлан Албанның сынға алғаны жайлы да материал жариялаған еді.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров