Футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді


©AP/Ebrahim NOROOZI
Бүгін Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. С тобында өнер көрсететін Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Аргентина құрамасы осы мундиальдың басты фавориттерінің бірі саналады. Тіпті болжам жасаушылар чемпион атанады деп отыр. Дегенмен, алғашқы турда Азиядағы елдің құрамасына есе жіберіп алды.


Бірінші таймда Лионель Месси пенальтиден есеп ашып, Аргентинаны алға шығарған. Алайда үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді.


Айналдырған 5 минуттың ішінде екі гол соққан араб футболшылары жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп — 1:2. Осы есеп матч соңына дейін сақталды.


Оқи отырыңыздар:
Бұл топта сонымен қатар Польша мен Мексика бар.
Футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанға дейін жалғасады.
Бөлісу