Футбол

Футболдан ӘЧ: Испания Коста-Рика қақпасына 7 гол соқты

Экспресс К

©AP/Francisco SECO

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Е тобында Испания мен Коста-Рика командалары жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Топтық кезеңінің алғашқы кездесуінде Испания құрамасы Коста-Риканы 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

©AP/Francisco SECO©AP/Francisco SECO
©AP/Francisco SECO

Алдымен 11-минутта Гавиден пас алған Дани Ольмо есеп ашты.

Арада 10 минут өткенде, сол қанаттан Жорди Альбадан келген допты Марко Асенсио тоқтатпастан теуіп, қақпа бұрышын дәл көздеді. Сосын Оскар Дуарте өз айып алаңында Альбаны шалып жықты. 31-минутта Ферран Торрес 11 метрлік пенальтиден мүлт кеткен жоқ — 3:0. Костарикалық қақпашы Кейлор Навас түк істей алмады.

Екінші кезеңде 54-минутта Ф.Торрес екінші голын соқты. 74-минутта Гави есепті 5:0-ге жеткізді. 90-минутта Карлос Солер мергендік танытса, сәлден кейін Альваро Мората да өз голын соқты — 7:0.

©AP/Julio CORTEZ©AP/Julio CORTEZ
©AP/Julio CORTEZ

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров