Саясаттанушы

"Келесі проблема - Қазақстан" дегенді Кремль түсіндірді

Экспресс К

©AP/Alexander ZEMLIANICHENKO

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік саясаттанушылардың бірінің Қазақстан туралы айтқан сөзіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл саясаттанушылар Кремльдің ресми ұстанымын танытпайды. Оларды тыңдаудың да, қараудың да қажеті жоқ,

— деді Песков Хабар 24-тің President бағдарламасында.

Оның айтуынша, сөз етілген бағдарламаны өзі көрмеген, тіпті ондағы саясаттанушыны да білмейді. Ол Ресейде Қазақстанға қатысты қисынға томпақ келетін мәлімдемелер жасаушылар Ресейге өте сын көзбен қарайтын Қазақстандағы саясаттанушылардан асып түспесе кем түспейтінін айтты.

Бұған дейін Ресейдің "Россия-1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуының қонағы Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады.

Бағдарлама қонағы, саясаттанушы Дмитрий Дробницкий Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атады.

Келесі проблема Қазақстан болатынына назар аударайықшы. Ол жақта да Украинадағыдай "ұлтшылдық жағдайы" басталуы мүмкін. Қазақстанда орыстар да аз емес. Семей де, "Росатомға" қажетті ядролық отын да сол жақта,

деген ол.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров