Тас жол

Еліміздегі ақылы жолдардың бағасы өзгереді

Экспресс К

Қазір республика бойынша 2,2 мың шақырымды құрайтын 11 ақылы жол учаскесі бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақылы жолдардың тарифі 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. 2013 жылы алғаш "Астана-Щучинск" тасжолы ақылы болды. Биыл жыл соңына дейін көлік құралдарының барлық түрлеріне жаңа абоненттік төлем енгізіледі,

— деді автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

— 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері — айына 2 АЕК, жылына 20 АЕК;

— 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері — айына 4 АЕК, жылына 40 АЕК;

— 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері — айына 6 АЕК, жылына 60 АЕК;

— 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері — айына 8 АЕК, жылына 80 АЕК;

— 15 тоннадан астам жүк көліктері — айына 10 АЕК, жылына 100 АЕК.

Жеңіл автокөліктер — 1 жылға 1000 теңге;

Абонементті ресімдеу тәртібі жақын арада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ресми сайтына шығады. 2023 жылы қолданыстағы тариф бойынша нормативтік жағдайына қарай 2,5 мың шақырым екінші техникалық санаттағы тасжолды ақылы ету жоспарланып отыр,

— дейді комитет басшысы.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров