Саясат

Соловьев жан-жағына жынын шашып жүр - Мұхтар Құл-Мұхаммед

Бек ТӨЛЕУОВ

Парламет Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресейдің телеарнасында Соловьев жүргізген бағдарламадағы ресейлік сарапшыларға жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грат алған адам болатын және қазір бүкіл жердегі санкциялық қара тізімдерді көш бастап келеді. Сондықтан ыза-кектің буынан ол елдің бәріне жармасып жынын шашып жүр,

— дейді сенатор.

Ол журналист бұрын "Россия 1" бірінші арнасында Алматыға бомбаларды "тастап жіберу" туралы да айтқан болатын. Бағдарламаның қонағы — Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да одан қатты шошынып қалған еді. Баршаға деген жек көрушілік кесірінен ол көбінесе өзеуреп өзі сөйлейді және бағдарламаның меймандарын жанжал мен арандатуға итермелейді деп айтты.

Оның бәрі тікелей эфирде және есуас кейпінде болады. Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің "келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал" деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіру байқалады,

— дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед .

Депутат егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бізбен бірге тұрған өзімізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшы-фантаст Дробницкий-Жуковтың пікіріне назар аудармас едік деп отыр.

Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей Федерациясының федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық,

— дейді сенатор.

Бұған дейін Ресейдің "Россия-1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуының қонағы Қазақстанға қатысты "Украинадан кейінгі мәселе" деп айтқанын жазғанбыз.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров