Көлік

Қазақстандықтар шетелден әкелген көліктерін арзанға заңдастыра алады

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

© Shutterstock

 Бүгін парламент салық кодексіне енгізілген түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Тұрғындар енді өзге елдерден әкелінген автокөліктерді тіркеуден өткізуге бұрынғыдай қыруар қаржы жұмсамайды. Заңға енгізілген өзгерістерге сай, елімізде бастапқы тіркеуге қою бағасы 200 мың теңге болып белгіленді. Жалғыз шарт — автомобиль Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеткізілген болуы керек.

Бұл қадам 300 мың автомобильді тіркеуден өткізіп, жергілікті бюджетті салықпен толтыруға мүмкіндік береді,

— дейді Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев.

Гумар Дюсембаев / senate.parlam.kzГумар Дюсембаев / senate.parlam.kz
Гумар Дюсембаев / senate.parlam.kz

Бұған дейін Экспресс К елімізде төмен пайызды автонесие қайта берілетіні жайлы жазған болатын.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров