Емші

Танымал емші елімізді алты жылдан кейін не күтіп тұрғанын айтты

Кәмшат ҚОПАЕВА

instagram.com/bagdagul_synykshy

Елімізге танымал емші, сынықшы Бағдагүл Лепесова елімізді алты жылдан кейін қандай жағдай күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Сынықшы бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты. Бағдагүл Лепесова ресейлік телеарнада айтылған елімізге қатысты пікірді бөліскен.

Құдай мыналардан бетімізді аулақ етсін. Сол үшін ауызбіршілікте және дұғада болуымыз керек.Үш күн батаны жібермей батаға қатысайық. Көп адам болып батаға қатысқанда мықты тілек қабыл болады.Ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын,

— дейді сынықшы.

Сынықшы Қырғыз, Өзбек, Қарақалпақ, Әзербайжан ,Түркіменстан елдері бірігіп, қол ұстасып тату болуы керек екенін, көрші ел құлдырауға аз қалғанын айтады.

—Бұйыртса түркі елдері мықты елге айналамыз. ИншАлла. Бір тудың астына бірегетін күн туды. Халық ауызбіршілікте болуымыз керек. Ешкімнің сөзіне еріп қажет емес. Әсіресе елді тонап қашқан адамдардын айтқаның тындаманыздар.Бұйыртса 6-жылдан кейін 29 жыл дәл 20 қарашада жақсы күнге қол жеткіземіз. Қазақтың болашағы жарқын. Алпауыттар дәрежесіне бірінші болып Қазақстан қадам басады, — деп жазған парақшасына.

Әлеуметтік желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір білдірген. Бірі "Әумин! Айтқаныңыз келсін" десе, енді бірі елімізді "Еліміз аман болсын" деп тілегін жазған.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров