Сот үкімі

Маңғыстауда жанармай бекетін тонағандар бес жылға сотталды

Есен ҮРКІМБАЙ

Бейне Кадр

Бейнеу ауданында жанармай құю бекетінің операторына шабуыл жасағандар бес жылға сотталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қарақшылық оқиғадан кейін күдіктілер бірден ұсталған болатын. Оқиға болғаннан кейін үш жарым айдан соң қылмысты іске барған екі адамның сотталғанын Бейнеу ауданының полиция бөлімі мәлімдеді.

"Аталған дерек бойынша Бейнеу ауданының полициясы қылмыстық кодекстің 191-бабымен сотқа дейінгі тергеуді жүргізді. Оқиға 7 тамызда сағат 05:30 шамасында болған. Олардың Бейнеудегі "Жібек жолы" көшесіндегі "Ақ Жұма" газ құю бекетіндегі ғимаратқа заңсыз кіргенін анықталды. Ұйықтап жатқан оператор-қызметкерге күш қолданып, одан 80 800 теңгесі бар сөмкені ұрлап, қашып кеткен. Кейін сот отырысында күдіктілер қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен әрқайсысына бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", — деді аудандық полиция бөлімінің қызметкері.

Экспресс К бұған дейін Бейнеу ауданында лото клубын өртеп жіберген тұрғын туралы жазған. Онда ауыл азаматы құмар ойыннан ақша ұтылып, кейін ашу үстінде ойын орталығына өрт қойған еді.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров