Жамбылда электр желісіндегі апатқа байланысты 10 пойыз тоқтады


©stock
Жамбыл облысы аумағында электр желісінің апатына байланысты бірнеше жолаушылар пойызы тоқтап қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Қияқты-Хантау аралығында қатты желдің салдарынан (20 м/с дейін) жүк пойызындағы бос контейнер жолдан шығып кетті. Құлаған кезде контейнер байланыс желісінің тірегіне зақым келтірген.
27 қараша сағат 9-да Қияқты-Хантау аралығында, Жамбыл облысының Шығанақ-Шу учаскесінде байланыс желісі тоғы болмауына байланысты жолаушылар пойыздары жол жүру жолында тоқтатылды. Контейнер құлаған кезде байланыс желісіне зақым келтірді,
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыздар:
Оқиға салдарынан он пойыз уақытынан кешікті. Оның бесеуі жолаушылар пойыз, бесеуі жүк пойызы. Оқиға орнында Шу станциясының жөндеу бригадасы жұмыс істеді. Күндізгі сағат екіде пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді.
Экспресс К бұған дейін Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы теміржолда жолаушылар пойызының бес сағаттан астам уақыт бойы тұрып қалғанын жазған болатын.
Бөлісу