Хорватия Канаданы ірі есеппен ұтты


©AP/Aijaz RAHI
F тобында Хорватия мен Канада құрамалары сынға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
2-минутта Альфонсо Дэвис Канаданы алға шығарды — 1:0.
Бұдан кейін Златко Далич шәкірттері Канада қақпасына өршелене ұмтылды. 36-минутта сол қанаттан Иван Перишичтен пас алған Андрей Крамарич таразы басын теңестірді — 1:1. 44-минутта Йосип Юрановичтен доп алған Марко Ливая Хорватияны алға шығарды — 2:1.


Андрей Крамарич 70-минутта И.Перишичтің пасын мүлтіксіз пайдаланып, есепті 3:1-ге жеткізді.


Екінші таймда тыңнан қосылған Ловро Майер Канада қорғанысындағы өрескел қателіктен кейін 94-минутта ойын нүктесін қойды — 4:1.


Осылайша, F тобында Хорватия 4 ұпай жинап, Марокконы қуып жетіп, доп айырмасымен көш бастады.




Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда:
Бөлісу