Шоу-бизнес

Жұмаққа тікелей жолдама беретін әнші Индира Расылхан елден ақша жинай бастады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/indirarasylkhan

Алғашқыда халыққа әнші ретінде танылып, кейін хиджап киіп, өзін психологтардың тізіміне қосқан Индира Расылхан таяуда ғана желідегі жұртқа жұмаққа қалай кірудің жолдарын көрсететінін айтып бір шулатып еді, енді оқырмандарына ақылы түрде тренинг өткізе бастапты, деп хабарлайды Экспресс К. 

Соңғы уақытта орамалмен тұмшаланған Индира Расылхан қазіргі таңда Түркияда тұрады. Ол кезекті бейнежазбасы арқылы әлеуметтік желі қолданушыларына психолог ретінде діни тұрғыда дәріс беріп, айтқан ақыл-кеңесі үшін ақша алатынын ашық жариялапты. Сондай-ақ өнер иесі әлгі видеода "Неге тегін білім бермейсіз?"деген кісілерге жауап жазған.

Менің терапиямның екі сағаттық жұмысы 70 мың теңге. Себебі, сіздерге бір нәрсе айту үшін мен де ақша жұмсадым, миллиондаған қаражат жұмсадым. Қатты жаның ашып білгеніңді айтсаң да, сен кінәлі болып қаласың. Дұрысы энергия өзіңде қалсын,

Хиджап киген әншінің халықтың дәл осылай қытығына тигені бірінші рет емес. Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Индира Расылханның жұмаққа тікелей жолдама беретіні туралы жазса, кейін еңіреп жылаған видеосын желіге салған ол елден оңбай сөз естіген еді.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда: Facebook, Instagram, Telegram.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров