Апат
Павлодар облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты: адам өлімі бар


© Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Павлодар облысы Екібастұз маңындағы теміржолда апат болды. Жүк тиегіш көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға 24 қаңтар кешкі сағат 17:10 шамасында болған. Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңындағы күзетілмейтін №7 шлагбаумы темір жол өткелінде жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысты. Апат салдарынан 49 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.


Павлодар облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты: адам өлімі бар
t.me/POLICE_of_KZ
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы техника әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына, электровоз депоға жеткізілді. Оқиғаның мән жайы анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу