Сәбилер

Таразда дәрігерлер жаңа туған сәбиді сату үстінде ұсталды

Олжас НҰРЖАҚЫП

© iStock

Жамбыл облысында сәби саудаламақ болған дәрігерлер ұсталды. Олар жаңа туған нәрестені сатып жібермек болған, деп хабарлайды Экспресс К

Сәби саудаламақ болған дәрігерді Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы полиция департаменті анықтады. Дерекке сүйенсек, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 миллион теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда: Facebook, Instagram, Telegram.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров