Партия

"Коммунистер" неге ыдырап жатыр? Жамбыл Ахметбеков те кетті

Алмас АБЫЛАЙ

Жамбыл Ахметбеков

Қазақстан халық партиясы Ермұхамет Ертісбаев келгелі бұрынғы белсенділерінен айырылып жатыр. Бүгін Мәжілістің үш шақырылымында депутат болған Жамбыл Ахметбеков те кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

24 қаңтарда өз еркіммен партиядан шықтым. Мен бұл партияда алғаш құрылған күннен істедім. Партия — бұл менің өмірім. Қатардағы мүшеліктен хатшылыққа дейін өстім. Мәжілістің V, VI, VII шақырылымында депутат болдым. Екі рет президент сайлауына түстім,

— дейді Жамбыл Ахметбеков.

Ол бұл жетістігін мақтанышпен еске алып, Ертісбаев партияны мұндай деңгейге көтере алатына күмәнданатын айтқан.

Жаңа басшылықпен түсінісе алмадық. Көз алдымда партия құрып барады. Халық бәрін есінде сақтайды. Ауылдарда жылдар бойы қолдаған азаматтар жаңа басшылыққа дауыс бермейміз деді. Партия сайлаудан жеңіледі. Өкінішке қарай, партиядан шығамын,

— деді Ж. Ахметбеков.

Бұған дейін Қазақстан халық партиясының қатарынан Мәжіліс сайлауы қарсаңында VII шақырылымда депутат болған, екі мүшесі шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан коммунистік халық партиясы болған олар 2020 жылы "Қазақстанның халық партиясы" деп атауларын өзгерткен.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда: Facebook, Instagram, Telegram.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров