Радио

Елдің шекара тұсындағы аудандар толықтай отандық радиохабарламамен қамтылмақ

Экспресс К

© Pixabay.com

Еліміздегі шекарадағы аудандарды толықтай отандық радиохабарлармен қамту көзделіп отыр. Бұл туралы өңірлік мерзімді басылымдар форумында айтылды, деп хабарлайды Экспресс К

Шекара тұстағы аудандарды отандық БАҚ хабарламамаларымен қамту мәселесін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты. Сөзінше, бұл ақпараттық қауіпсіздікті назарда ұстаудың бір көрінісі.

Сондықтан елдің шекаралас аудандарында отандық радиохабарлармен қамтуды кеңейту жұмысы күшейтіледі. Шекаралас аймақтарды радиохабар таратумен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр,

— деді министр.

Сонымен қатар, өңірлік БАҚ-ты қолдау жайы да қозғалды. Оны өзектендіру үшін жарық көрген мазмұнды мақалаларды республикалық басылымдарда жариялау тәжірибесін жалғастырмақ.

Қазақстан жаңалықтары тек біздің ресми парақшаларда: Facebook, Instagram, Telegram.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров