Петропавлда ер адам мас күйде әскери жасаққа шабуыл жасаған

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Петропавлда мас ер адам қала көшелерінде патрульде жүрген әскери жасаққа шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шабуыл жасаған ер адам ұсталып, автопатрульге тапсырылды. Аталған факті "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті бұрын адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені және тонағаны үшін бұрын сотталған 29 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру оның мастығын растады.

"Күдіктіге қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Баптың санкциясы ірі мөлшердегі айыппұлдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдай спирттік ішімдікті асыра пайдаланумен байланысты болады", — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Петропавлда күн сайын 151 әскери қызметші құқықтық тәртіпті сақтауға кезекшілікке түседі. Полицияның кешенді күштері құрамында олар қала көшелерін патрульдейді, шақыртуларға барады, бағдарлармен жұмыс істейді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров